Ақмола облысы Білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы ТОО Астана Намысы Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны "Балғын" балабақшасы " " Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою " мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 30 мин.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері :
Білім беру порталы : akmola.kz (ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ЭЦҚ арқылы).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1)1-қосымшаның қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3)көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
2024 жылға
«Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Қосшы қаласының «Балғын» балабақшасы» ТОО Астана-Намысы қызмет көрсету сұрақтары бойынша
іс-әрекеті туралы есебі
1.Жалпы ережелер.
1)«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Балғын» балабақшасы» ЖШС «Астана-Намысы» А.Иманова,38а.
2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Білім беру ұйымы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін ұсынылады.
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 106 ( электронды-ақпарат.жүйесі), 0 - (қағаз түрінде);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау - 4 (Мемлекеттік корпорация).
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Балғын» балабақшасы» ТОО Астана-Намысы сайты;
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Балғын» балабақшасы» ТОО Астана-Намысы-дағы мемлекеттік қызметтер туралы стенд, Ақмол ауылы, Бақыт ш.а., 5/1 құрылыс.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша әрекет
1) 2021жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар «Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру» тақырыбында біліктілік жетілдіру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижесі: 2024 жылы барлығы 98 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: akmola.kz жүйесі арқылы-106, Мемлекеттік корпорация арқылы - 106, қағаз түрінде-0 :
2) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, сондай-ақ мерзімдерін бұзуға, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық түрде шағымдар түскен жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – мониторинг жүргізілген жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында балабақшамен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Сонымен, 2024 жылы:
- әлеуметтік желілерде және балабақша сайтында қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді akmola.kz жүйе арқылы алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және ақпараттандыру бойынша мәлімет көрсетілді;
- балабақшаның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан, онда ғаламторға қолжетімділігі бар ноутбук, картридер, принтер-сканер бар;
- «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» қызметі бойынша ақпараттық стенд ресімделді;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жүйелілік жұмыс жүргізілуде.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас
Қосшы қаласының «Балғын» балабақшасы» ЖШС Астана-Намысы-да сырғанамайтын жабыны мен шақыру түймесі бар пандус жұмыс істейді, сондай-ақ кіреберісте телескопиялық пандус, балабақша атауы бар маңдайша, эвакуациялау сызбасы, кабинеттердің атаулары Брайль қарпімен жазылған; дәретхана бөлмесі жабдықталған. 2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
№ |
Атауы |
Мемлекеттік қызмет көрсету саны |
Қызмет көрсетілді |
1. |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау |
1 |
106 |
2. |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау |
1 |
0 |