Ақмола облысы Білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы ТОО Астана Намысы Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны "Балғын" балабақшасы " " Мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою " мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 30 мин.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері :
Білім беру порталы : akmola.kz (ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ЭЦҚ арқылы).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1)1-қосымшаның қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3)көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
2024 жылы қараша айында Консультациялық пункт өз жұмысын бастады. Консультациялық пунктің жұмысы құрылып,Жұмыс кестесі бекітілді.Кеңес беру пунктінің жұмысы туралы ақпарат балабақша сайтына жарияланып, ата-аналар бұрышына ілінді. жасалған жоспар бойынша балабақшамызда ата-аналарға консультациялық пунктерді ұйымдастыру бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған отбасыларды айқындау және консультативтік пунктке шақыру мақсатында ата-аналармен бірге кездесу ұйымдастырылды